Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

   

Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

Новости и мероприятия

 

31 қазан 2010ж

«Қамқор отбасыларға арналған мереке» қайырымдылық акциясы


Мақсаты: жетім балаларды қамқорлыққа алған адамдарды ынталандыру және мадақтау.

5 мамыр 2010ж

«Ешкім де ұмыт қалмайды, ештеңе де ұмытылмайды» қайырымдылық акциясы


Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 65-жылдығымен құттықтау

13 сәуір 2010ж

«Қызылағаш балалары» қайырымдылық акциясы


Мақсаты: «Айналайын» балалар үй, «Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты» ММ, Жансүгір және Қапал ауылдарының КТМ уақытша орналастырылған Ақсу және Қаратал аудандарының су тасқынынан зардап шеккен балаларға гуманитарлық көмек көрсету
more..
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Демеушілер и Серіктестер

Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

Сәлеметсіз бе! Сайтымызға қош келдіңіз!

Сайтымыздың беттерін ашып, осы мәтінді оқып отырған болсаңыз – бейқам адам емес екеніңіз анық. Мәселелердің өз шешімін тауып, бейбітшіліктің орнауы мен өмірдің өз жалғасын табуы – өзге адамдардың қайғысына көз жұмып қарай алмайтын, дәл Сіз сияқты адамдардың арқасында іске асырылады.

Дені сау және бақытты балалар - өмірдің жалғасы, қоғамның гүлденуі мен дамуының негізі. Олардың өсіп-өнуі – біздің жарқын болашағымыздың кепілі.



Сіздің жанашырлық жәрдеміңіз көмекке зәру адамдардың тағдырын жеңілдетпей қоймайтыны сөзсіз.

Қайырымдылық

– біздің заманымызда өте жоғары бағаланатын ізгі ниетті іс.

Өзгелерге көмек қолын созуға дайын барлық жанашыр адамдарды осы іске ат салысуға шақырамыз! Жүрегіңіздегі махаббат, қамқорлық сезімдерімен бөлісіңіз! Біздің қатарымызға қосылыңыз!


«Өмірге жолдама» білім гранттары бағдарламасы



«Махаббат бұлағы» қоғамдық қоры, «Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ «Apple City Distributors» ЖШС қолдауымен, «Өмірге жолдама» білім гранттары бағдарламасына қатысу үшін жаңа өтінімдерді қабылдауды бастайды. 


«Өмірге жолдама» білім гранттары бағдарламасының мақсаты

Қазақстанның университеттері мен колледждерінде кәсіби-техникалық білім алуды қоса алғанда, жоғары және орта-кәсіби білім алу мақсатында, оқу үлгерімі жақсы жетім-балаларға қолдау көрсету болып табылады.

Бағдарлама шәкірттердің оқу ақысын төлеуді ғана емес, қажеттілігі бойынша, тамақтану мен жол жүру, жатақханада тұру және бірінші қажеттілік заттарын сатып алуға балалар үйлерінің түлектеріне арналған екі реттік оқу құралдарына бөлінетін ақшадан тұратын ай сайынғы шәкіртақының төленуін қарастырады.

Сайыстың жалпы шарттары
Сайысқа университет немесе колледжге бірінші рет түсуді жоспарлайтын немесе бұрын оқуға түсе алмаған, 11 сынып түлектері немесе 11 сынып оқушылары, Қазақстан Республикасының азаматтары – тек жетім балалардың қатысуына жол беріледі.

Үміткер келесідей талаптарға жауап беруі тиіс: оқу үлерімінің орташа ұпайы - 3,5 төмен емес.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер:    
  • Барлық құжаттарды жинап, 31 мамыр 2011 ж. дейін қорға алып келулері немесе пошта арқылы жіберулері тиіс.
  • 2011 жылғы 11 сынып оқушылары өз орта мектептерінде ҰБТ тапсыру жөнінде сәйкес өтініш жазу арқылы 2011ж. көктемінде тапсырулары, сондай-ақ оқу орнына түсу үшін жоспарланған кіріс емтихандарын тапсырулары қажет.
  • ҰБТ тапсырмайтын үміткерлер кешенді тестілеуді және/немесе оқу орнына түсу үшін жоспарланған кіріс емтихандарын тапсырулары қажет
  • Қор қызметкерлері тіркеу, ҰБТ мен кіріс емтихандарын тапсыру ісінде үміткерлерге көмек көрсетпейді.

Сайысқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі

  • Қатысушы сауалнамасы
  • Жеке куәлігінің көшірмесі
  • СТН көшірмесі
  • Орта білім туралы аттестаттың көшірмесі (11 сынып оқушылары үшін көшірмелерді тапсырудың соңғы мерзімі 30 маусымға дейін)
  • Әлеуметтік мекемеден берілген мінездеме (балалар үйі, мектеп-интернат)
Келесідей тұлғалар Білім беру Гранттарының Бағдарламаларына                 ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ:

  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын өзге елдің азаматтары; 
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын тұлғалар;
  • Мемлекеттік білім гранттарының немесе өзге көздерден берілген грант иелері; 
  • ЖОО оқып жатқан студенттер; 
  • Барлық құжаттарды 31 мамыр 2011 ж. дейін тапсырмаған тұлғалар.   
Құжаттарды тапсыру тәртібі
«Махаббат бұлағы» ҚҚ сауалнамадағы барлық ақпаратты тексеру құқығына ие. Қандай да бір сәйкессіздіктер немесе жалған ақпарат берушілік анықталған жағдайда, сауалнама бірден заңсыз деп танылады. Үміткер бағдарламаға қатысу үшін іріктеліп, кейіннен сауалнамадағы ақпараттың бұрмаланған мәліметтерден тұратындығы анықталған жағдайда, шәкірттің гранты дереу кері шақыртылатын болады.

Үміткерлерді іріктеу шарттары мен тәртібі
Гранттарды алудан үміткерлерді сайыстық іріктеуді Сайыс комиссиясы жүргізеді. Сайыс комиссиясының құрамына «Apple City Distributors» ЖШС, «Махаббат бұлағы» ҚҚ өкілдері мен «Армандар орындалады» жобасының жетекшісі қатысады.

Іріктеу кезеңдері:
  • Қор қызметкерлері сауалнамалар мен құжаттардың «Өмірге жолдама» Бағдарламасының техникалық талаптарына (білімі, Қазақстан азаматтығы және т.б.) сәйкестігін тексереді.
  • Техникалық іріктеуден өткен сауалнамалар мен құжаттар «Махаббат бұлағы» ҚҚ қызметкерлерімен бағаланады.
  • Ең жоғары бағаланған 30 үміткер, оқу орнын сәтті тәмамдаудан әлеуетті үміткерлерді таңдайтын Сайыс комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуге шақырылады.
  • Үміткерлер Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ), кешенді тестілеу немесе өзге емтихандардан өтіп, Қазақстанның ЖОО мен колледждеріне түсу үшін қажетті ұпайларды жинаулары тиіс.
  • Жоғарыда аталған барлық кезеңдерден өтіп, мемлекеттік білім гранты немесе өзге оқыту гранттарының иегерлері бола алмаған алғашқы 15 үміткер сайыстың жеңімпаздары аталып, «Махаббат бұлағы» ҚҚ білім гранттарына ие болады. ЖОО немесе колледждерде ақылы түрде оқу үшін, үміткерлер құжаттарды өздіктерінен тапсырулары тиіс.

Сауалнама мен құжаттардың көшірмелерін мына e-mail: adelova_s@mail.ru немесе келесідей мекен-жайға алып келулеріңізге болады: Қабанбай батыр көш., 7а, Қастеев көш. қиылысы. Тапсырудың соңғы мерзімі 31 мамыр  2011 ж.

2011ж. маусым айынан бастап, ақтық сынға өткендер мен балама үміткерлер:

  • өз мектептерінде ҰБТ өтулері тиіс (орта мектептердің 2011ж. түлектеріне қатысты)
  • оқу орнына түсу үшін қажетті кешенді тестілеу/кіріспе емтихандардан өтулері тиіс (бұрынғы жыл түлектері немесе қазіргі уақытта коледждің соңғы курсында оқып жүрген студенттерге қатысты).

ҰБТ немесе кіріспе емтихан қорытындылары бойынша қажетті ұпай жинамауын қоса алғанда, түрлі себептерге байланысты ЖОО немесе колледжге қабылданбаған, ақтық сынға өткен кез келген үміткер бағдарлама сайысына бұдан әрі қатысу құқығынан айырылады және оның орнына грант балама үміткерге ұсынылуы мүмкін. Ақтық сынға өткен үміткер жеке себептерге байланысты гранттан бас тартқа жағдайда, грант балама үміткерге ұсынылуы мүмкін.

«Өмірге жолдама» Бағдарламасының қорытындылары мен күтілетін нәтижелері
Балалар үйлерінің қабырғаларын тастап шыққан түлектер бүгінгі заманның өміріне дағдыланбаған. Балаға өмірде өз орнын тауып, бағыт-бағдар беру үшін, оның білім алуы тиіс (орта-арнайы немесе жоғары). Өмірлік жағдайларды жақсарту үшін білім алуға деген қолжетімділіктің маңызы өте зор. Өкінішке орай, мұндай түлектердің бәрі бірдей мемлекет есебінен білім алу мүмкіндігіне ие емес. Бұл Бағдарлама бойларында білім алуға деген құлшыныс, өмірде үлкен жетістіктерге жетуге деген ұмтылыс бар жетім-балаларды аяқтарынан тік тұрғызып, өмірге жақсы бастама береді. Жақсы білім – сәтті мансап пен жоғары еңбекақының кепілі. Осылайша, бұл Бағдарламаның жүзеге асырылуы тек білім алуға ғана емес, бұдан әрі өмірден өз орындарын табуға сілтеме болмақ.

Бағдарламаның үйлестірушісі -  Аделова Сауле. Анықтама телефондары: + 7 727 356 07 10, + 7 701 664 21 94, e-mail: adelova_s@mail.ru. Пошталық мекен-жайы: 050100, Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 7а

«Өмірге жолдама» бағдарламасының кестесі

31 мамыр 2011 ж.:  Білім беру Гранттары Бағдарламасына қатысу үшін сауалнама мен құжаттарды тапсырудың соңғы күні.

Маусым, 2011 ж.:    Сайыс комиссиясының іріктеудің 2-ші кезеңінен өткен әлдеқайда білікті үміткерлермен әңгімелесу жүргізулері.

Шілде, 2011 ж.:  Ақтық сынға өткен және балама үміткерлерге хабарландыру.

Маусым/шілдер 2011 ж.:  Ақтық сынға өткен және балама үміткерлер:
өз мектептерінде ҰБТ өтулері тиіс (орта мектептердің 2011 ж. түлектері)
оқу орнына түсу үшін қажетті кешенді тестілеу/кіріспе емтихандардан өтулері тиіс (бұрынғы жыл түлектері).  

Маусым/шілдер 2011 ж.: Қор қызметкерлеріне ҰБТ немесе кешенді тестілеу қорытындылары туралы ақпаратты, сондай-ақ таңдап алынған ЖОО немесе колледжге түсу үшін құжаттардың тапсырылуы туралы ақпарат беру.

Тамыз, 2011 ж.:  «Махаббат бұлағы» ҚҚ 2011 – 2012 оқу жылдарындағы шәкіртақы иегерлерінің соңғы тізімін растауы.

Қыркүйек, 2011 ж.: Шәкірттердің ЖОО немесе колледжде оқу жылын бастаулары.

30 желтоқсан 2003ж

.
«Балалар үйіндегі
Жаңа Жыл
мерекесі»
қайырымдылық
акциясы

Мақсаты: Балалар үйлері
мен мектеп-интернаттардың
тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық
сыйлықтарды сыйлап, оларға
деген жүрек жылуымыз бен
қамқорлығымызды беру.






Copyright 2009 (C) Spring of Love. All rights reserved